Бүгін Шуда «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті. Бұл туралы «Zhambylnews» AA Шу ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.


Шу аудандық мәслихаттың кезекті 29-шы сессиясына №13 сайлау округінің депутаты Бақытжан Мектепбайұлы төрағалық етті.
Күн тәртібінде 10 мәселе қаралды. Оның ішінде жалпы түрде қаралған мәселелер:
1. Ауданның сәулет келбетін жақсарту, Шу қаласы мен елді мекендерді көркейту жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы.
Баяндамашы: І.Тортаев -тұрақты комиссияның төрағасы.
Есеп берушілер: С.Сәрсенбеков — аудан әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы.
З.Тұрсынұлы — аудан әкімдігінің ТКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы.
Б.Тұрғынбаев — Шу қаласының әкімі.
Е.Дәберов — Төле би ауылдық округінің әкімі.
2. Аудандық мәслихаттың отызыншы сессиясының төрағасын сайлау туралы.
3. Шу аудандық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.
Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.