Мемлекеттік қызметтің 20 жылдығына орай жас мемлекеттік қызметшілер арасындағы облыстық байқау Астананың 20 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыс әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасы мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру, беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың озық тәжірибелерін тарату және Елбасының «Ұлт жоспары — бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» бағдарламасында көрсетілген кәсіби мемлекеттік аппарат құруға жұмылдыру мақсатында ұйысдастырған.

Байқауға 29 жасқа дейінгі Тараз қаласы мен аудандардағы жас мемлекеттік қызметшілер мен өзге саланың қызметкерлерінен құралған 13 команда «Туған
өлкем — жұмақ мекен», «Ұшқыр ой», «Ел жүрегі — Астана» кезеңдері бойынша сайысқа түсті.
