Қазақстандықтар Денис Теннің өліміне күдіктілердің парақшасын тауып алды

0 0

Қазақстандықтар Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Теннің өліміне күдіктелгендердің парақшасына кіріп, оларға қарғыс жазып жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Денистің өліміне күдікті Нұрәлі ВКонтакте парақшасына “қымбат нөмір” мен қарудың суретін жариялаған.

Осыған қарамастан күдікті Аллаға сенеді, мешітке барып тұрады. Анасы мен інісін жақсы көреді. Достарымен мерекеде бас қосады.

Былтыр Нұрәлі көлік аккумуляторы мен DVD-плеер, магнитофон ұрлағаны үшін істі болды. Оған әкімшілік жаза тағайындаған.

Оның жақтасы деген күдікті Арман Құдайбергенов, мәлімет бойынша, 3 жыл бұрын Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін тәмамдаған. Полицейлер оны әлі тапқан жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, кеше танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді бұзақылар пышақтап кеткен болатын. Кейіннен, ауыр жағдаймен ауруханаға түскен спортшының жансақтау бөлімінде көз жұмғаны хабарланды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.