Әнші Димаш Құдайберген досы Денис Тенге кезекті жазбасын арнап, қалың оқырмандарының көңілін босатты. Танымал жұлдыз жақын досынан айырылып қалғанына әлі де сене алар емес, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA NUR.KZ-ке сілтеме жасап.
«Алтын бауырым, көңілі жайсаң, жүрегі кең асыл досым… көзіңнің тірісінде елім үшін жасаған жақсылығыңа алғыс айтып үлгермеп едім… алдыңда 1000 мәрте басымды идім бауырым. Бір арнаға тоғысқан қанша мақсаттарымыз бен армандарымыз жүзеге аспай қалды… WhatsАpp-ты ашып, әлі де сенен хат келетіндей күтіп отырамын… Қош бол, ел үшін туған алтыным», — деп жазды әнші.
Айта кетейік, әнші бұған дейін әлеуметтік желіде марқұм Дениске жүректебірентер бірнеше жазба арнаған еді.
https://instagram.com/p/BlgP6JlnT5H/?utm_source=ig_embed