Ауылдық мұғалім. Денисті өлтіргендерді мадақтаған ер адам жауапқа тартылады

0 14

Ауылдық мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін ер адам әлеуметтік желі арқылы Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақтап, ұлтаралық қақтығыстың тууына себепші болды. Бір қытай  үшін зарламаңдар деп, кеше ғана жер қойнына тапсырылған спортшыны өлтіргендердің сөзін сөйлеп, олардың әрекетін қолдаған жігіт енді жазаға тартылмақ, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Stan.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Кейіннен Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақтаған азаматтың өз айыбын түсініп, барша жұртшылықтан кешірім сұраған видеосы Арай Әлімхан есімді журналистің  парақшасында жарияланды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы бұған дейін «Бір қытай үшін зарламаңдар. Жерің мен қыздарыңды жаулап алғанда зарлап жыларсыңдар», -деп жазған әлеуметтік желіде.

Отандасымыздың осы сөзі желіде тарағалы қоғам арасында үлкен дау туды. Желі оқырмандары қылмыскерлерді мадақтап, ұлтаралық шиеленістің тууына себеп жасаған ер адамның әрекетіне қатты  ашуланды. Бүгінде осы  дауға себепші болған азаматтың аты-жөні белгілі болды. Ол Батыс Қазақстан облысының ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін көрінеді. Алайда, желі арқылы қылмыскерлерді мадақтаған мұғалім айыбын түсініп, қазақстандықтар мен кеше ғана жер қойнына тапсырылған спортшының жақындарынан кешірім сұрады.

«Менің әлеуметтік желіде Денис Тенге қатысты жазғаным ақымақтық болды. Чемпионымызды жер қойнына тапсырған Денистің ата-анасынан және қабырғасы қайысқан бүкіл қазақ жұртынан кешірім сұраймын. Өтінемін, қатемді кешіріңіздер»,- деп кешірім сұрады мұғалім.

Алайда, процедуралық шаралар нәтижесінде әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік немесе діни қақтығыстарды тудыру заңына сәйкес шешім қабылданып, айыпталушы жауапқа тартылады. Денис Тенді өлтірген қылмыскерлерді мадақдап, қолпаштаған азамат екi жылдан жеті жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не дәл сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасына тартылуы мүмкін.

Leave A Reply

Your email address will not be published.