СҚО оқушылары Тараздың тарихымен танысты

0 8

Республикалық өлкетану акциясы аясында бір топ оқушы Тараз қаласына барды. Бұл туралы «Zhambylnews» AA 24.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

25 жасөспірім Солтүстік Қазақстан облысынан арнайы жіберілген. Олар 3 күн бойы көне шаһардың терең тарихымен танысып, өңірдің киелі жерлерін аралайды. Экскурсияның алғашқы күні балалар «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында болды. Ашық аспан астындағы музейді көріп, археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған құнды жәдігерлерді тамашалады. Одан кейін ХІ ғасырда салынған Қарахан баба кесенесіне кіріп тағзым етті. Бағдарлама бойынша Айша бибі Бабаджа хатун, Тектұрмас кесенелері сияқты тарихи орындармен таныстыру жоспарланған. Шара еліміздің әр аймағындағы жеткіншектерге қасиетті жерлерді таныстыру, әрбір өлке жайлы танымын кеңейту мақсатында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы негізінде алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Бірінші кезекте оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыдан және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қамтылған.

Ахмад Төлеген, оқушы:

— Тараз қаласына бірінші рет келіп тұрмын. Маған өте ұнап жатыр. Әртүрлі ақша, теңгелер болды. Қытайдікі, түріктікі. Міне, біз Қарахан баба кесенесіне келіп тұрмыз. Маған ұнап жатыр.

Гүлстан Ертагина, облыстық білім басқармасының маманы:

— 70 бала бізден Солтүстік Қазақстан облысына баратын болса, бірінші топ барып келді. Енді екі топ шілде айының аяғында жүреді. Солтүстік Қазақстан облысынан бізге де 70 бала келеді. Бүгін 25 бала келіп отыр. Осы айдың аяғына дейін тағы да 45 бала келеді. Еліміздің тарихын терең біліп, үйреніп, көріп, ішкі туризмді дамыту деп жатырмыз. Сондықтан да балалар барып көріп, көп нәрсені біледі деп ойлаймын.

Leave A Reply

Your email address will not be published.