Еліміздің бас қаласының 20 жылдығы құрметіне ауқымды жоба аясында Жамбыл облысында Астана күндері өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
25-26 шілде күндері Тараз қаласының тұрғындары мен қонақтары Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған қызықты мәдени бағдарламарды тамашалай алады.
Бағдарламада көрмелер, концерттер мен спектакльдер бар. Барлық шараларға кіру тегін.