World Wide Motion Pictures кинокомпаниясы қазақстандық фильмді АҚШ аумағында көрсету құқығын сатып алды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Baq.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
World Wide Motion Pictures америкалық медиашығарылымы «Анаға апарар жол» фильмін көрсету құқығын сатып алды. Бұл туралы режиссер Ақан Сатаев Instagram парақшасында жазды.
«Достар, мен @WWMPC «Анаға апарар жол» фильмін АҚШ аумағында көрсету құқығын алғанын қуана хабарлаймын. Осы жылдың күінде АҚШ кинотеатрларында біздің фильм көрсетілетін болады», — деп жазды Ақан Сатаев әлеуметтік желідегі парақшасына.
Бұған дейін аталған фильм Нью-Йоркте өткен кинофестивальде «Үздік көркем фильм» марапатын жеңіп алған. Сондай-ақ, бұл фильм Испания, Ресей мен Хорватияда өткен кинофестивальдерде жоғары марапаттарға ие болған.