«Канело» журналистерге мәлімдеме жасады

0 19

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өзінің және Golden Boy Promotions компаниясының Геннадий Головкинмен бірлескен баспасөз мәслихатынан және екінші жекпе-жекті толықтай насихаттаудан не себепті бас тартқанын түсіндірді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Тыңдаңыздаршы, егер біз оны былтыр жасаған болсақ, тағы да пресс-тур жасап қайтеміз? Біз командамыз бірлескен баспасөз мәслихатын өткізуден бас тартты. Себебі ,бізге жұмыс істеу қажет. Мен үшін қазір ең бастысы — жаттығу жасау. Баспасөз мәслихаты ұнайды ма деген сұраққа келсек, маған одан гөрі жаттығулар мен жекпе-жектер ұнайды», — деді «Канело» Los Angeles Times-қа берген сұхбатында.

Еске салайық, таяуда Головкин мен Альварес өзгеше баспасөз мәслихатын өткізген еді. Баспасөз жиыны қашықтықтан өтті, боксшылар өз лагерлерінде болды.

«Канело» — GGG рематчы 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.