Жамбыл облысында есірткі саудалаған ер адам ұсталды

0 0

«Көкнар 2018» профилактикалық іс-шарасы негізінде Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасы Шу ауданы Тайсойған аумағынан 10 километр қашықтықта орналасқан Абай ауылының тұрғынын ұстады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

39 жасар азамат бұрын сонды сотталмаған. Тексеріс кезінде  одан  6 орам 323 келі кептірілген марихуана тәркіленген.

Қазіргі таңда ол өз кінәсін мойындап,  қамауға алынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.