Жуалы ауданында заманауи талапқа сай салынған жаңа мешіт ашылды. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Жаңа ғибадат үйінің атауын Қайрат деп ауыл тұрғындары қойды. Мешіт 150 адамға арналып салынған. Бұдан бөлек ерлер мен әйелдер залы, 100 адамдық асхана мен жастарды ілімге баулитын медресе де бар.
Мешітте алғашқы жұма намазы оқылды. Сондай-ақ, ашылу салтанатына жиылған көпшілікке ас беріліп, құран оқылды.