Дәрігерлердің қателігінен 15 жылын жындыханада өткізген

0 3

Дәрігерлердің қателігінен 15 жыл ғұмырын жындыханада өткізген, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA КТК арнасына сілтеме жасап.

Бастапқыда Павлодар мен Атыраудың психоневрологиялық диспансерінде емделіп, сосын Ресейдің Сербский атындағы ғылыми-зерттеу институтында ақыл-есі дұрыс екені анықталған.

41 жыл бұрын экс-әйелінің «көмегімен» Атырау облыстық психиатриялық диспансерінде он жыл өмірін өткізіп, инсулин-коматозды терапия алған. Содан кейін мейірбике мен туыстары көмектесіп Павлодар психодиспансеріне ауыстырылады. Кейін тәуелсіз сарапшылардың тексеруінен өтпек болып Мәскеу қаласына барып, ол жердегі ҒЗИ мамандары дені сау деген қорытынды жасаған. Павлодар облыстық психоневрологиялық диспансерге сарапшылардың қорытындысын көрсетеді. Оның заңды өкілі Айгүл Ырғыбаева Павлодарда да сараптама жасалып, сау екенін расталғанын айтып отыр.  Айтуынша, Павлодардағы комиссия тексеру жүргізіп, оны босатыпты.

Сөйтіп ол 1991 жылы дәрі-дәрмексіз, психиатриялық көмексіз жаңа өмірін бастайды. Енді кінәлілердің жазасын бергісі келеді. Ол дені сау адамды неге жүйке дертіне шалдықты деп көрсеткенін анықтағысы келеді. қазір зейнет жасына келген адам Атырау және Павлодар диспансерлерінен 3 миллион теңге өндіріп алып, қайырымдылыққа жұмсағысы келеді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.