Ағымдағы жылдың 26-29 шілде аралығында Ұлытау баурайында «OTANSHYL-2018» республикалық балалар мен жастарға арналған туристік форумы өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Іс-шара «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігі және «Сәтбаев қаласының жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында өтті.
Аталмыш форумға Республикамыздың барлық өңірлерінен 109 белсенді жастары, соның ішінде Жамбыл облысынан «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ББЖҰҚБ» төрайымы Алебаева Айжан Ортаевна, Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізетін облыстық орталығының қосымша білім беру педагогы Сиякулов Медет Сейкерімұлы, «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ұйымының ұланбасы Саркеев Қалижан Жалғасұлы, «Жамбыл облысы «Жас Ұлан» ұйымының белсенді жасұландықтары Аслан Бұхарбаев және Камила Тажиева қатысты.
Қатысушылар «Жас турист» курсы, «Жас көшбасшы» атты семинар тренингтер мен шеберлік сағаттарға қатысып, Ұлытаудың киелі орындарына саяхаттады.
Форум соңында Жамбыл облысының қатысушылары үздік атанып, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың және ҚР қоғамдық даму министрлігінің вице-министрі Берік Арынның Алғыс хаттарымен марапатталды.