Қазіргі таңда көптеген мемлекеттік қызметтерді азаматтар «Электрондық үкімет» порталы арқылы өз бетінше үйде отырып та ала алады. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.
Мысалы, 2017 жылдың 22 қыркүйегінен бастап Жамбыл облысында азаматтарды электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді өз бетіңше алуға үйрету мақсатында «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті мен облысы әкімдігі бірігіп, «Өз бетіңше қызмет ал!» науқанын ұйымдастырды.
Осының арқасында 2017 жылдың соңында азаматтардың рұқсат беруімен үшінші тұлғаның анықтамаларды алуына болатын сервисі жүзеге асты. Мысалы, сервиске енгізілгеннен кейін, оқу орны немесе жұмыс беруші электрондық портал арқылы қажетті құжатты сұратады, ал қызмет алушы (бұл жағдайда ата-ана, жұмыс беруші, т.б.) SMS-хабарлама арқылы бір рет электрондық анықтама алуға өзінің рұқсатын береді.
Сондай-ақ, жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыру қызметі іске қосылды. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба болуы қажет. Порталдан авторизациядан өткен соң электронды өтінішті толтыру қажет. Өтінішпен қоса фотосурет және қойған қолыңыздың скан-суретін қоса жолдап, сондай ақ мемлекеттік баж салығын төлеу керек. Айта кетейік жүргізуші куәлігінің баж салығы 1, 25 % АЕК (3007 теңгені) құрайды.