Жамбылда 6 ай көлемінде 12 адам суға батып, қаза болды

0 1

Жамбылдық құтқарушылар су аймақтарында, рұқсат берілмеген жағажайларда және тоғандарда көптеген бұзушылықтарды анықтап, олармен күресуде. Бұл туралы «ZhambylNews» AA хабарлайды.

Бүгінгі таңда жыл басынан бері облыста 11 оқиға тіркеліп, онда 12 адам қаза болды, оның ішінде 6 бала. Осыған сәйкес, аймақтың барлық шомылуға қауіпті орындарында патрульдеу ұйымдастырылып жүргізілуде.

Айта кететін болсақ, қызметкерлер су айдындарында ересек адамдардың қарауынсыз қалған балаларға аса көңіл бөледі және осындай әр оқиғаны тіркеп, олардың ата-аналарына қатысты айыппұл төленетін әкімшілік хаттамалар толтырады.

Осындай рейдтер шомылу кезінде адамдардың өлімін болдырмау мақсатында, күн сайын, демалыс және мереке күндерін қоса алғанда облыстың барлық аудандарында жүргізіледі. Тексеріс шомылу маусымының соңына дейін жалғасады.

ТЖ алдын алу бөлімінің бас маманы азаматтық қорғау капитаны Шахабаева Айгүл

Leave A Reply

Your email address will not be published.