Жамбыл облысында колледждерге 5024 мемлекеттік білім гранты бөлінді

0 4

Жамбыл облысының орта техникалық және кәсіптік білім беру колледждеріне 2018-2019 оқу жылына 5024 мемлекеттік білім гранты бөлінді. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Осы орайда, облыстың бизнес және қоғам өкілдері облысымыздың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелеріндегі мемлекеттік білім гранттарының әділ бөлінуіне атсалысуда. Оның көрінісі ретінде ағымдағы жылдың тамыз айында өткізіліп жатқан емтихан, тестілеу, әңгімелесу сынақтарының ашықтығынан байқауға болады.

Биыл елімізде тұңғыш рет бизнес саласында кәсібін жаңғыртып жүрген азаматтар мен қоғам өміріне белсенді араласып жүрген жандар облыс колледждеріндегі емтихандар барысына бақылаушылық жасап, гранттар үлестірудің барынша әділ өтуіне ықпал етіп қана қоймай, орын алуы ықтимал сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөніндегі өз ой-пікірлерін ортаға салуда.

Қазір облыста заман талабына сай, кәсіптік-техникалық білімге баса назар аударылып отыр. Бұл ретте колледждер дуалды оқыту жүйесі бойынша облыстағы өндіріс кәсіпорындарымен келісім-шарт негізінде жұмыс істеуде.Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында 3 колледжге арнап жеке жатақхана салу үшін тиісті жер телімдері бөлінді. Ондағы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құжаттамалар дайындалуда. Өткен оқу жылында Жамбылдық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 143 медалға ие болды. Республикалық олимпиадалардың нәтижесі бойынша жамбылдық өрендер 7 жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық команда» атағын қанжығасына байлауда.

Сапалы білімнің тағы бір кепілі – білікті кадр. Білім берудің бәсекеге қабылеттілігін арттыру –барша мұғалімдерге ортақ міндет.  Осы орайда облыс әкімі Асқар Мырзахметов ұстаздар қауымына артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін, сондықтан, білім сапасына ерекше екпін беру қажеттігін баса айтты. Биылғы тамыз конференциясында аймақ басшысы білім саласына қатысты бірқатар өзгерістерді де жеткізді. Ол жаңа жүйеде жұмыс істеу, цифрлы Қазақстан жобасын мектептерге енгізу мен жекеменшік –әріптестік саласын дамыту секілді маңызды қадамдар.

Айта кетейік, өңірімізде мұғалімді жұмысқа қабылдау 1 қазаннан бастап, автоматты түрде жүргізілетін болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.