Жамбыл облысында 38 307 бала тегін ыстық тамақпен қамтылған. Бұл барлық оқушылардың 18 пайызы, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі.
Жалпы Жамбыл облысында жалпы білім беретін 451 мектептің барлығында оқушыларды ыстық тамақпен қамту жұмыстары ұйымдастырылған. Мектептердің үш жүз тоқсан алтысында (88%) асхана бар.
Қазір облыс бойынша екі жүз он төрт мыңнан астам оқушы білім алады.
Биыл асxанасы жоқ жеті мектептің мәселесі шағын жинақталған бастауыш мектептерді оңтайландыру арқылы шешіледі. Ал Тараз қалалық №24 бастауыш мектеп жанынан қосымша құрылыс жүргізу жұмыстар қолға алынған. Жыл соңына дейін барлығы он үш асxана мәселесі шешіледі.
Қалған жиырма екі мектеп құрылысын жүргізудің облысық Жол картасына сәйкес алдағы жылдары кезең-кезеңімен шешілетін болады.
Айта кетейік, 2017-2018 жылғы оқу жылына 106, 1 млрд теңге бөлініп, алдыңғы жылдармен салыстырғанда 16 пайызға өскен. Қазір облыста 4,9 млрд. теңгеге 14 білім нысанының құрылысы жүріп жатыр. Алдағы оқу жылына облыс бойынша 9 мектеп пайдалануға берілмекші. Білім беруді дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда облыстағы жекеменшік балабақша үлесі 25 пайызды құрайды. Өңірдегі 3-6 жастағы балаларды балабақшамен қамту көлемі 91 пайыздан асты.
Қазір облыста заман талабына сай, кәсіптік-техникалық білімге баса назар аударылып отыр. Бұл ретте колледждер дуалды оқыту жүйесі бойынша облыстағы өндіріс кәсіпорындарымен келісім-шарт негізінде жұмыс істеуде. Елбасының «5 әлеуметтік бастамасы» аясында 3 колледжге арнап жеке жатақхана салу үшін тиісті жер телімдері бөлінді. Ондағы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін құжаттамалар дайындалуда. Өткен оқу жылында Жамбылдық оқушылар республикалық, халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 143 медалға ие болды. Республикалық олимпиадалардың нәтижесі бойынша жамбылдық өрендер 7 жыл қатарынан «Үздік олимпиадалық команда» атағын қанжығасына байлауда.
Сапалы білімнің тағы бір кепілі – білікті кадр. Білім берудің бәсекеге қабылеттілігін арттыру – барша мұғалімдерге ортақ міндет. Осы орайда облыс әкімі Асқар Мырзахметов ұстаздар қауымына артылатын жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін, сондықтан, білім сапасына ерекше екпін беру қажеттігін баса айтты. Биылғы тамыз конференциясында аймақ басшысы білім саласына қатысты бірқатар өзгерістерді де жеткізді. Ол жаңа жүйеде жұмыс істеу, цифрлы Қазақстан жобасын мектептерге енгізу мен жекеменшік –әріптестік саласын дамыту секілді маңызды қадамдар.