Суармалы жерлердің алқабын 2 млн. 10 мың га дейін жеткізу көзделуде. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында өткен брифингте Қазақ су шаруашылығы ғылыми — зерттеу институтының бас директоры Нұрлан Балғабаев айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA.
Нұрлан Нұрмаханұлы Қазақстанның суармалы егіншілікті дамытуда суды үнемдеу технологияларының пайдаланылуына ерекше көңіл аударылатынын атап өтті.
Сондай-ақ, 2021 жылға қарай осындай алқаптарды 258 мың га дейін жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде, суарма суының қосымша көлемін қамтамасыз етіледі және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін 2 есе арттыруға мүмкіншілік береді.