Таразда сүзгі алаңының сыртынан өтетін дренаж каналдарына талдау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде жер асты суларының ластануы анықталған. Бұл туралы ӨКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Ағымдағы жылдың шілде айында Жамбыл облысы бойынша экология департаментімен «Казгидромет» РМК Жамбыл филиалымен бірлесіп «Тараз металлургия зауыты» ЖШС және «Жасыл Ел Тараз» ЖШС санитарлық-қорғау аумақтарынан тыс атмосфералық ауаға зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, «Жасыл Ел Тараз» ЖШС-і бойынша күкірт қостотығының шоғырлануы мөлшерден 2,6 есе артық екендігі анықталды.
«Тараз-су» және «Жасыл Ел Тараз» мекемелері бойынша мониторинг қорытындыларына сәйкес анықталған экологиялық бұщушылықтар туралы тиісті шаралар қолдану үшін басқарма тарапынан Тараз қаласының әкіміне және Жамбыл облысы бойынша департаментіне хаттар жолданды.
Сонымен қатар, жоспар бойынша Жаңатас және Қаратау қалалары зауыттарының атмосфералық ауаға зерттеу жүргізу үшін басқарма тарапынан қосымша 232 725 мың теңге бөлінді. Сондай-ақ, Тараз қаласының атмосфералық ауасына тиімді мониторинг жүргізу үшін қосымша 3,0 млн. теңге қаражат бөлу қарастырылуда.
Алдағы уақытта басқарманың бастамасымен Тараз қаласы және аудандардағы ірі өндірістік кәсіпорындарға мониторинг жүргізу жоспарлануда.
Мемлекеттік экологиялық сараптамаға түскен жобаларды қарау барысында табиғат пайдаланушыларға экологиялық тиімді, инновацияларды енгізу және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, аз қалдықты технологияларды дамыту мен қолдану бойынша іс-шараларды жоспарлау талаптары қойылады. Бұл іс-шаралардың орындалуы қоршаған ортаның ластануын төмендетеді, жоғары экологиялық стандарттары мен қатаң нормаларын енгізуге ынталандырады. 2018 жылдың 1 жартыжылдығында облыстағы II және III санаттағы объектілерімен 167 тоннаға шығарындылар көлемін азайту бойынша 24 іс-шаралар, ал 2017 жылы 60 тоннаға төмендету бойынша 16 іс-шаралар жоспарланды.