Жамбылда Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді (ВИДЕО)

0 5

Жамбыл облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ертең сағат 15:00-де партизан жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың 100 жылдығына арналған әдеби кеш өтеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шараға Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, суретші, қаламгер, журналист, Қасым Қайсеновтың xатшысы болған Еркін Нұразхан, сондай-ақ, Әулиеата өңірінің ақын-жазушылары, зиялы қауым өкілдері қатысады.

Бұл кеште Қасым Қайсеновтың шығармашылығы, даңқты тұлғаның майдан шебі мен бейбіт өмірге қосқан ерен еңбегі туралы айтылады.

Жиынға қатысам деушілерге есік ашық!

Өтетін орны: 7 қыркүйек сағат 15:00-де Тараз қаласы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.