Әулиеатаға Ұлықбек Есдәулет келе жатыр

0 2

Ертең облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен ҚР Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен кездесу өтеді. Жиынға Әулиеата өңірінің зиялы қауым өкілдері мен облыс жұртшылығы және БАҚ өкілдері қатысады. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Кездесуде одақтың облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман баяндама жасап, өңіріміздің әдеби әлемінде атқарылып жатқан және алда атқарылатын жоспарларымен бөлісіп, есепті баяндама жасайды.

Сондай-ақ, Одақ басшысына сұрақ қойып, бүгінгі әдеби процесс төңірегінде емен-жарқын пікір алмасу болады.

Қатысамын деушілер үшін: кездесу ертең сағат 10:00-де Облыстық ішкі саясат басқармасында өтеді.
Баршаңызды күтеміз!

Leave A Reply

Your email address will not be published.