Жамбыл облысында 11-12 қыркүйек күндеріне дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды.
12 қыркүйекте түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде топырақ бетінде 1-3 градус үсік күтіледі. 12 қыркүйекте тәулік бойы солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады деп күтіледі. Кей жерлерде тұман түседі. Тараз қ.: 12 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.
Дереккөз: 24.kz