Тараз қаласында жылу жүйелері қысқы маусымға 94,2%-ға дайын

0 2
Қазіргі уақытта 2018-2019 жылдардағы жылыту маусымының дайындық жұмыстары бекітілген жоспар бойынша жүргізілуде. Қалада 247,482 шақырым жылу жүйелері бар. Оның ішінде магистралдық жүйелер — 72,459 шақырым, ішкі кварталдық жүйелер — 175,023 шақырым. Бүгінгі таңға жылу жүйелері 94,2%-ға дайын. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған әлеуметтік маңызы бар нысандардың саны – 1387 .Бүгінгі таңға 972 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын, яғни 80%. Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің тарапынан жылыту маусымына әзірлік паспорттары әзірленуде. Ыстық су жүйесімен қамтылған көпқабатты тұрғын үй – 828.
Жылу қуатының өндіруші қазандықтардың жалпы саны — 52, қазандықтарда 164 негізгі қазандар (котел) жұмыс істейді және 85 резервтік қазандар орналасқан.
Бүгінгі таңға «Таразэнергоорталық» АҚ-ы қазандықтары 92%, «Жамбыл-Жылу» МКК қазандықтары 100%, «Теміржол-Жылу» МКК қазандықтары 100%, «ЖГРЭС» АҚ қазандығы 100%, «София» ЖШС қазандықтары 100% жылыту маусымына дайын.
Резервтік мазут қорының жоспары — 8058 тонна, қатты отын қоры — 3350 тонна. Бүгінгі күнге 3886 тонна мазут қоры (48,2%), 987 тонна көмір қоры (29,7%) әзірленді.
«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ЖӨФ — қалада 21 газ реттеуші пункті (ГРП), 497 шкафтық реттегіш пункті (ШРП), 16429 жеке шкафты пункті және 40 катодтық стансалары бар.
Жалпы 103 235 тұтынушылар табиғи газбен қамтамасыз етілген. Олар 100 399 тұрғын үйлер мен пәтерлер, 2636 коммуналдық кәсіпорын, 200 өнеркәсіп мекемелері.
Қалада 1473,566 шақырым газ құбырлары бар, оның ішінде 983,487 шақырым жерасты газ құбыры, 490,079 шақырым жерүсті газ құбыры.
Білім беру саласында 109 білім беру мекемесі бар, оның ішінде 107 білім беру нысаны орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, қалған 2-уі (№58, 59 мектептер) жеке пеш арқылы жылу алады. №59 мектеп оқушыларын жақын орналасқан мектептерге тасымалдап оқыту жоспарланып отыр, ал №58 мектеп қажеттілігіне 15 тонна қатты отын бүгінгі күнге жеткізілді.
Қысқы маусымға дайындық аясында №17 балабақшаға күрделі жөндеу жұмыстарына 181 181,0 мың теңге қаралды, 13 балабақшаны (№1, 5, 6, 7, 14, 15, 16, 23, 24, 25, 31, 34, 37) ағымды жөндеу жұмыстарына 48 861,2 мың теңге бөлінді. Білім бөлімінің мәліметі бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.
«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған бағдарламасы аясында ұзындығы 12,386 км жылу желісі қайта жаңғыртылды.
Бүгінгі күнге 1112 метр қазба жұмыстары жүргізіліп (98%), 2224 метр құбырлар демонтаждалды (98%), 900 метр құбыр монтаждалды (80%), жабдықтарды жеткізу — 100%.
Айта кетерлігі, Тараз қаласы аумағында 7 көмір қоймалары бар. Көмір жеткізілетін разрездің атауы — Шұбаркөл, Экибастұз, Қаражыра. Қала тұрғындарының қажеттілігіне орай бүгінгі күнге 31 900 тонна көмір жеткізілді немесе 32,5%, жоспар — 98 000 тонна.
Leave A Reply

Your email address will not be published.