Мойынқұм ауданының экономикасы барлық салада алға басты. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Нүркенов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Бақытжан Балтабекұлының айтуынша, аудан экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр.
2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында көрсеткіштері ауданда 34 млрд.9 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері орындалып, нақты көлем индексі – 108,7 %-болып отыр.
Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар- тамыз айларында 2530,8 млн. теңгені құрап, НКИ-100,8% болды.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар- тамыз айларында 4553,8 млн. теңге болып, 86,0% құрады.
2018 жылдың 8 айының бөлшек сауданың көлемі 934,6 млн. теңгені құрап, 2017 жылдың 8 айымен салыстырғанда азық түлік емес тауарлар көлемінің өсуінен 3 есеге артып отыр.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 2018 жылдың қаңтар- тамыз айларында 863,4 млн. теңге болып НКИ 103,5% құрады.
Пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 2018 жылдың қаңтар- тамыз айларында 2013 ш.м. болып, НКИ -107,4% құрады.
2018 жылдың 8 айында аудан бюджеті кірістер бойынша 5108,4 млн. теңгеге немесе жоспарға 102,6%-ға, өзіндік кірістер –1069,9 млн. теңгеге, трансферттердің түсімдері бойынша – 4038,5 млн. теңгеге орындалды.
2018 жылы аудан бюджетінің шығындары 4 млрд. 899,4 млн. теңгені (жоспарға 98,5%) құрады.
2018 жылдың 1 қыркүйегіне бюджетке салықтар мен төлемдер түсу болжамы 2153,0 млн. теңге болса, нақты 2169,8 млн. теңге жиналып, 100,8% құрады.
Республикалық бюджет болжамы 426,2 млн. теңге болса, нақты 434,8 млн. теңге түсіп, 102,0%, облыстық бюджет болжамы 657,9 млн. теңге болса, 665,0 млн. теңге түсіп, 101,1% және аудандық бюджет болжамы 1068,7 млн. теңге болса 1070,0 млн. теңге түсіп 100,1% құрады.
Ауданда 2018 жылдың қаңтар- тамыз айларында дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны – 9246 адам, яғни 28,1% құрады. 224 спорттық іс-шара өткізілді, қамтылған адамдар саны – 10421.
Ағымдағы жылдың 8 айында жұмыспен қамту бөліміне 992 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 771-і қамтылды. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 77,7%-ды құрады.
Жастар іс-тәжірибесі бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 16,2 млн. теңге және жергілікті бюджеттен 21,4 млн. теңге барлығы: 37,6 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, 6-айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін барлығы 112 адамды тарту жоспарланып отыр. оның – 67 пайызын, яғни, 76 -жасты тұрақты жұмыспен қамту күтілуде. Есептік мерзімге 58 дипломы бар азамат жастар іс-тәжірибесіне жолданып, оның 10-ы тұрақты жұмысқа жолданды. Бөлшектенген жоспар бойынша 12,8 млн. тенге қаражат игерілді.
Денсаулық сақтау саласы бойынша 25 мекеме мен ұйымдар халыққа қызмет көрсетеді, онда барлығы 53 дәрігерлер мен 238 орта буындағы медицина қызметкерлері бар. Жалпы аудан бойынша 10 мың тұрғындарға дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 14,8 пайызды құрады.Аудан бойынша 3 жедел жәрдем көрсету бригадасы қызмет көрсетеді (Мойынқұм ауылында-1, Бірлік және Шығанақ ауылдарында бір бригададан). Барлық бригада медицина қызметкерлерімен толық қамтамасыз етілген, яғни 12 фельдшер, 12 диспетчер, 12 автокөлік жүргізушілері бар. 3 жедел жәрдем техникаларының ішінде 1 данасы заманауи жабдықталған автокөлік.2018 жылдың 8 айында туу көрсеткіші 392 сәбиді құрады. Өлім көрсеткіші 4-адамды құрады (2-і ОНМК, 1-і травмадан, 1-і сиесистен) 2018 жылдың 8 айында ана өлімі тіркелмеген. Ал 1 жасқа дейінгі сәбилер өлімі 5 баланы құрады. Оның ішінде, 2 жағдай облыстық перинаталдық орталықта, 2 қалалық балалар ауруханасында туа біткен кемістіктен, 1 –і үйінде тұншығып қайтыс болды. 2018 жылдың қаңтар- тамыз айларында туберкулез ауыруымен 9 адам науқастанған,оның 1-і бала.
Ауданда қылмыспен күресу және оның алдың алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Есепті жылы ауданда 79 (2017 ж. -110) қылмыс тіркелген, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 28,2%-ға төмендеп отыр. Есепті жылы қылмыстардың ашылуы 86,7 пайызды құрады. Есепті жылы ауданда 9 жол көлік оқиғасы тіркелген немесе 2017 жылға қарағанда 25,0%-ға төмендеген.