Мойынқұм ауданында нәтижелі жұмыспен қамту 3 бағытта жүзеге асыруға негізделген. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Нүркенов айтты, – деп хабарлайды “ZhambylNews” Ақпараттық Агенттігі.
Бақытжан Балтабекұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында жұмыспен қамту бөліміне 992 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 771-і қамтылған. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 77,7%-ды құрады.
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3 бағытын жүзеге асыруға негізделген:
Бағдарламаның 1-бағыты бойынша:
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша жалпы — 174 азаматты оқыту жоспарланған.
2018 жыл есептік мерзімде қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 7-мамандық бойынша 174 адамды оқыту жоспарланып, оған облыстық бюджеттен 38802,0 мың теңге бөлінген. 174-азаматтың өтініші қабылданып, барлығы оқуға жолданды. 2018 жылдың 8 – ай қорытындысымен 100-адам оқуын аяқтап, тиісті дәрежедегі сертификаттарын алды.
Бағдарламаның 2-бағыты бойынша (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту)
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауылда шағын несие «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы мен микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері арқылы беріліп, оларды қорландыру «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-ы арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта 41-азаматтың өтініші қабылданып, 11 азамат мал шаруашылығын жүргізу бағытында 43,3 млн теңге шағын несие алған. 5- азаматтың құжаттары тіркеуге ұсынылып, 25- азаматтың құжаттары қаралуда.
Бағдарламаның 3-бағыты бойынша:
1.Жұмысқа орналасуға ықпал ету
2.Еңбекресурстарының ұтқырлығын арттыру
3.Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
4.«Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» есебінен жұмыспен қамтамасыз ету
Әлеуметтік жұмыс орындарына 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 23685,0 млн. (РБ-18,9млн., ЖБ-4,7 млн.тенге) теңге көлемінде қаржы қаралып, барлығы 135 азаматты жұмысқа тарту жоспарлаған, есепті кезеңде 15 жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтармен келісім-шарт жасалып, барлығы 145 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Бөлшектенген жоспар бойынша 16,2 млн.тенге қаражат игерілді (РБ-12,6млн., ЖБ-3,6млн. тенге).
Қоғамдық жұмыстарына 2018 жылы жергілікті бюджеттен 63827,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, аудан бойынша 334-жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жолспарланған. Берілген есептік мерзімде 287 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жолданып, 46,0 млн. тенге қаражат игерілді.
2018 жылдың есептік мерзімінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына-809 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына — 319 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына — 145 адам, жастар практикасына — 58 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға — 287 жұмыссыз тартылған.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған, тіркелген ізденушілердің үлесі – 9,5 пайыз, тіркелген ізденушілердің саны-35, тіркелген жұмыс берушілердің саны-35. «Еңбек биржасы» немесе «Электрондық үкімет» арқылы жұмыс іздеуші және жұмыс берушінің арасындағы сұхбаттасу бойынша тұрақты немесе уақытша жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.