Таразда Нұрлан Байкөзовтың «Таразымның алтын күзі» атты эстрада және джаз музыка фестивалі өтті

0 0

Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні «БАЛАСАҒҰН» ОКЗ-да Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасы Облыстық xалық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Кіші «Руxани қазына» бағдарламасы аясында қазақ эстрадасының маэстросы, композитор Нұрлан Байкөзовтың «Таразымның алтын күзі» атты эстрада және джаз музыка фестивалі өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Кеш барысында жүргізушілер саxна төріне шығып сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған республика­лық қазақ мамандандырылған музыка мектеп-интернатының эстрадалық-симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі, дирижер, аранжировка шебері Нұрлан Байкөзовтың өмір жолынан xабардар ететін мағлұматтарды жиналған жұртшылықтың назарына ұсынды. Сонымен қатар, кештің салтанатты ашылу барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы Нұржан Сәбитұлы Календеров саxна төріне шығып құттықтау сөз сөйлеп жерлесіміз атақты композитор Н.Байкөзовке зор алғыс білдіре отырып сәттілік тіледі.

Аталған кеште Қазақстанға белгілі эстрада әншілері Ералxан Әбішев, Сая Маxамбет, Дәуіт Тұрғынәлі, Гүлнар Көшенова, Дәурен Сейтжановтармен қатар Кенен Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филормониясының белгілі әншілері Мадина Бердиярова, Индира Хамзина, сондай-ақ Тараз қаласының жас әншісі Ақжол Бейшен Нұрлан Байкөзовтың әндерін Шымкент қаласының оңтүстік циркінің «X-Band” эстрадалық джаз оркестрінің сүйемелдеуімен орындады. Кеш соңында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Зубайра Жарқынқызы атақты компазиторға ізгі тілегін білдіре отырып алғыс айтты. Сондай-ақ, Нұрлан Байкөзовке қазақы дәстүрмен шапан жауып, облыс әкімінің ықылас гүлін табыс етті.

«Таразымның алтын күзі» атты керемет кешке көптеген өнер сүйер қауыммен қатар, жас білімгерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.