Арнаулы орталықта «Еңбек күні» аталып өтті

0 3

Қыркүйек айының 27-ші жұлдызында «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» ұйымдастыруымен «Еңбек күні» мерекесіне орай жалпы жиналыс өткізілді. Жиналыстың басты қонағы Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекция басқармасынан, мемлекеттік еңбек инспекторы Еркін Ибрагимов болды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Еркін Тұрарұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы № 698 Жарлығымен Қазақстанда «Еңбек күні» мерекесі болып бекітілгендігін, Мемлекет Басшысының Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамын құру туралы идеяларының шеңберінде өнімді еңбекті ынталандыру, жастар арасында жұмысшы кәсіптерін насихаттау мен жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайту болып табылатындығын айтып өтті. Еңбекшілердің құқықтарын қорғау мақсатында көптеген фактілер айтылып, арты пікір алмасуға ұласты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.