Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне 5 жыл

0 1

Ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде Тараз қаласы физика -математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі  Баласағұн ОКЗ-да «Бес жылдың белесінде» атты мерейтой кешін өткізді. Бұл туралы  «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Мерекелік кеште мектеп оқушылары музыкалық аспаптармен қазақтың 100 əнінен папури орындап, ұлттық би мен күйден шашу шашты.

Сонымен қатар, 5 жыл ішінде қол жеткен жетістіктерге шолу жасалып, əлеуметтік жобалар қорытындылары баяндалды.

Концерттік бағдарламаны тамашалауға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйым өкілдері , мектептің Қамқошылық кеңес мүшелері, серіктес ұйымдар, қалалық білім беру ұйымдары және әлеуметтік орталық басшылары мен ата-аналар қатысты.

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасы бойынша 2008 жылы Астанада алғашқы зияткерлік мектебі ашылды. Бес жылдың ішінде Зияткерлік мектептер еліміздің барлық өңірлерінде ашылған еді. Мұнда жоғары білікті педагогтар дәріс береді, мектеп заманауи ғылыми-зертханалық және интерактивті мультимедиялық жабдықпен жарақтандырылған. Зияткерлік мектебінің осы және басқа да ерекшеліктері балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасайды. Елімізде осындай 21 мектеп жұмыс істейді.

Тараз қаласындағы физик-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі 2013 жылдың 1 қыркүйегінде бірінші рет оқушыларға өз есігін ашты. 5 жыл ішінде мектептен 400 түлек бітіріп, ағымдағы жылы 158 бітірушінің 147-сі мемлекеттік грантқа ие болған. 44 оқушы Назарбаев Университетінің студенті атанған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.