Бүгін Таразда «№51 Бәйтерек бастауыш партия ұйымының» ұйымдастыруымен «№5 Арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну Орталығында» Түркі халықтарының бірлігінің негізі – латын алфавитінде екендігін насихаттау мақсатында дөңгелек үстел өткізілді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының «Ерекше дарынды балаларға арналған облыстық «Дарын» мектеп-интернаты» КММ-нен қазақ-әдебиеті пәні мұғалімдері Озықбаева Пейішкүл Құттымұратқызы, Бейсенбаев Базарбай Ырысбайұлы қонаққа шақырылды.
Шараның мақсаты — латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босататындығы, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатындығын насихаттау. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біріншіден, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық» деп айтқан еді. Сондай-ақ, Елбасының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Мемлекет өз тарапынан мемлекеттік тілдің позициясын нығайту үшін көп жұмыс атқарып келеді. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек екендігін Пейішкүл Құттымұратқызы айтып, тоқталып өтті.
Іс-шараның соңы пікір алмасумен жалғасын тапты.