Облыста жыл басынан 7017  адам онкологиялық аурулармен есепте тұрды

0 2

Жамбыл облысында  2018 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 7017  адам онкологиялық аурулармен есепте тұрды, оның ішінде алғашқы рет анықталғаны — 1133 ауру, аурушаңдық көрсеткіші — 101,7. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыстық онкологиялық диспансерінің бас дәрігері Абай Нұржанов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Абай Құралбекұлы 6-27 қазан аралығында «Сүт безі қатерлі ісігінен хабардар болу туралы бүкіләлемдік күні» шеңберінде әйелдер денсаулығын қорғауға арналған акция туралы баяндады.

Сүт безі қатерлі ісігі (СБҚІ) әлемде оның ішінде Қазақстан Республикасында да өзекті мәселе болып отыр. Сүт безі қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында әйелдерді скринингтік тексерудкен өткізу Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру өте уақтылы болды және Қазақстан Республикасында әйелдер денсаулығын корғауда үлкен әсер етті.

Әлем бойынша жыл сайын 1 250 000 жаңа сүтбезі қатерлі ісігі тіркеледі, оның 55 000 Ресейде. Қазақстан Республикасы бойынша  жыл сайын  4600-5000 жаңа сүт безінің қатерлі ісігі тіркеледі.

Сүт безі қатерлі ісігіне тоқтасақ, осы туралы айлық өткізіліп жатқаны белгілі, жыл басынан сүт безі қатерлі ісігімен — 1368 әйел есепте тұрды, онкологиялық аурулардың құрамы бойынша — 19,5%, яғни бірінші орында тұр. Олардың ішіндегі алғашқы рет анықталғаны — 144, онкологиялық аурулардың құрамы бойынша — 10,7%. 2018 жылы қайтыс болғандар саны — 38.

Қазіргі таңда сүт безі, жатыр мойны және тоқ ішек, тік ішек қатерлі  ісігін ерте анықтау бойынша скринингтік тексеруден өткізудің маңызы зор.

ҚР денсаулық сақтау министрлігінің  2017 жылғы 25 қарашадығы № 995 бұйрығы бойынша сүт безі қатерлі ісгін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтағы әйелдердің жасы 40 тан 70 жас аралығы болып есептеледі, яғни, әр әйел 2 жылда 1 рет жергілікті емханада маммографиялық тексеруден өтуге тиісті.

Жатыр мойны қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтағы әйелдердің жасы 30 дан 70 жас аралығы болып есептеледі, яғни, әр әйел әр 4 жылда жергілікті емханада  әйелдерді қарау кабинетінде цитологиялық тексеруден  өтуге тиісті.

Тоқ ішек, тік ішек қатерлі ісігін ерте анықтау скринингі бойынша нысаналы топтың жасы 50 дан 70 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер болып есептеледі, яғни, әр адам әр 2 жылда  жергілікті емханасында  гемокульттест тексеруден өту керек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.