Жамбыл облысында 1 805 тұлға мемлекеттік тіркеуден өтті. Бұл туралы бүгін Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында өткен брифингте облыстық Әділет департаменті басшысы Дархан Игембаев мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Дархан Жұмабайұлының айтуынша, Әділет органдары көрсететін 58 мемлекеттік қызметтің 12 мемлекеттік қызметі Әділет департаментімен көрсетіледі. Әділет органдарының алғашқы кезекті міндеттерінің бірі «электрондық үкіметті» дамыту болып табылады.
Департаментпен есепті кезенде 49 002 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде қызметтердің жалпы санынан алғанда 10 181 қызмет электрондық форматта көрсетілген.
Сондай-ақ, Әділет органдарының бірден-бір басым бағыты сот актілерін орындау болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар сот актілерін міндетті түрде орындауға тиіс. Статистикалық мәліметке сәйкес, жалпы орындауда барлығы 8,5 млрд.теңгені құрайтын 5 867 құжат болған. Осы кезеңде, соммасы 2,2 млрд. теңгені құрайтын 3 189 атқару өндірісі жалпы аяқталған.
Сонымен бірге, Әділет органдары қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі халықтың құқықтық сауаттылығын көтеріп, құқықтық түсіндіру жұмысының ауқымын кеңейтіп сапасын жақсарту. Есептік кезеңде әр түрлі бағыттар бойынша Департаментпен барлығы 3 374 іс-шара ұйымдастырылып, жүргізілген.
Жамбыл облысында қазіргі таңда барлығы 76 жеке сот орындаушылары өз қызметтерін атқаруда, оның ішінде Тараз қаласы 52, аудандары 24 жеке сот орындаушыларымен қамтылған.
2018 жылдың 9 айында жеке сот орындаушылардың өндірісінде барлығы 75 млрд 659 млн 084 мың 059 теңгені құрайтын 134 104 атқару құжаты орындауда болған. Оның ішінде 22 млрд 336 млн 680 мың 735 теңгені құрайтын 43 287 атқару құжаты өндіріспен аяқталған.