Қырғыз елінің құқық қорғаушылары Жамбыл облысының полицейлерімен тәжірибе алмасуда

0 18

Бүгін Қырғыз Республикасының Шу облысы мен Талас қаласының ішкі істер органдарының делегациясы  Жамбыл облысының полиция басқармасымен тәжірибе алмасуға келді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Соңғы онжылдықта құқық қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықта, ең алдымен, қылмысқа қарсы күресті кеңейту және тереңдету үрдісі байқалды. Мемлекеттердің қылмысқа қарсы күрес және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастығы- әртүрлі мәселелерді шешудің тиімді жолдары мен құралдарын бірлесе іздестіруге жол ашады.

Кездесудің басты мақсаты — шекаралас аумақтарда экстремизм мен терроризмге қарсы тұру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Осы бағытта көршілес мемлекеттердің шекаралас аудандарында бірлесіп жұмыс жүргізу, сондай-ақ контрабандамен қару-жарақ, есірткі заттары, мал ауруларының және басқа трансшекаралық ұйымдасқан қылмыстардың алдын алу болып табылады.

Жиында Жамбыл облысының полиция полковнигі Арман Оразалиев бірлескен жұмыс оң нәтиже беретініне және жалпы келісілген әрекеттерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Жиын барысында екі жақтың құқық қорғау органдарының қызметінде үш негізгі өзекті бағыт қарастырылды. Қатысушылар экстремизм мен лаңкестік көріністеріне, оның ішінде интернетте, ұрланған ұялы телефондар мен қару-жарақ үшін бағыттарды белгілеу, бірлескен жұмысты ұйымдастыру бойынша өз тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, синтетикалық препараттардың, психобелсенді заттардың интернет-ресурстары арқылы таралуына қарсы күрес бойынша мәселелер көтерілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.