Бүгін Ықылас Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Ән мен жылдар» атты ретро әндер байқауы өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпарттық Агенттігі.
Ескі де есті әндерді орындаудан өткен байқауды Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырған.
Іс-шараның мақсаты — халқымыздың ұмытылып бара жатқан, тарихта қалған сазды әуендерін жас ұрпақтың санасына сіңіру. Байқауға Жамбыл облыстық филармониясының әншісі Гүлшат Тинасилова, қалалық мәдениет үйінің директоры Лесхан Қазанбасов, қалалық мәдениет үйінің әдіскері Нұржан Шәкірәлиев төрелік етті.
Кеш соңында қазылардың шешімі бойынша I орынды Бауыржан Бегалы, II орынды Орынбасар Бақытұлы иеленсе, III орын Дидар Базарбайға берілді.