Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы «Тілдерді оқыту орталығында» аудан меңгерушілерімен мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Жиында әдістемелік кеңестің төрайымы, орталық директоры Гүлхан Мұхтарқызы Елбасы мақаласында ел тарихы мен болашағына ой жүгіртіп, ендігі атқарар міндеттерге бағыт-бағдар бергендігіне тоқталып өтті.
Әдістемелік кеңес барысында аудан меңгерушілері ұлтымыздың рухани мұрасы мен мәдениетін жаңаша бағамдауға, заман талабына сай өркендей түсуіне жол ашатын мақаладағы ауқымды жобалар туралы өз ойларын ортаға салды.
Сондай-ақ, мақаланың әр бөлімі өткенді саралай отырып, бүгінмен ұштастыра Ұлы даланың ұлы өркениеттерін дәріптейтіндігін, халқымыздың әлемдік кеңістіктегі орнын айқындап, жаңа міндеттер жүктейтіндігіде сөз болды.