Байзақ ауданы Ы. Алтынсарин атындағы орта мектепте «Бала құқығы-адам құқығы» онкүндігі мен «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты акциясы аясында өткен «Бала қауіпсіздігі –ұлт қауіпсіздігі» тақырыбындағы аудандық конференция өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жиынды аудан әкімдігі білім бөлімнің әдіскері Индира Спаналиева ашып, балалар құқығы мен заңды мүдделерін қорғау — ұлттық саясатымыздың негізгі бағыттарының бірі екендігін атап өтті.
Сонымен қатар, «Конвенция-балалық шақты қорғаудың кепілі» тақырыбында Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары З.Сатылғанованың, «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» тақырыбында Бурыл орта мектебінің әлеуметтік педагогі М.Үшбаеваның және аудандық ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрайымы А.Қуанованың баяндамалары тыңдалды.
Сондай-ақ, балаларды зорлық -зомбылықтан сақтау, ата-ананың бала алдындағы міндеті төңірегінде пікірлер ортаға түсті. Аудандық прокуратураcының прокуроры Жұлдыз Қойкенова бала құқығын қорғау турасында, аудандық полиция бөлімі ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция майоры Әсем Амирханова зорлық-зомбылықтың түрлерін тарқатып айтып берді.
Айта кетейік, аудандық аурухана жанындағы “Жастар денсаулығы” орталығының жетекшісі Сәуле Бөлтірікова жас жеткіншектердің денсаулығын қорғау жайын сөз етті. Ал конференция соңы марапатқа ұласты.