Әйнек жуғыш деп 20 тонна этил спиртін тасымалдаған жолаушы ұсталды

0 7

Жолаушы 20 тонна этил спиртін құжатсыз тасымалдаған. Бұл Жамбыл облыстық Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Тараз-Меркі» тас жолында «Допинг» жедел алдын алу шаралары кезінде  изотермиялық вагоны бар жүк машинасын тексеру кезінде анықталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Өзін «Алматы» ЖШС-нің атынан келгендігін айтқан жолаушы, салмағы 20 тонна  болатын  әйнек жуғыш концентратын тасымалдағанын жеткізген.

Іздестіру кезінде, жүк көлігінен әрқайсысы 1000 литр болатын 20 дана көлемінде көк сұйықтық толтырылған пластик ыдыстар табылды. Сондай-ақ, тасымалданған сұйықтық рұқсаттама құжаттары жоқ этил спирті екендігі анықталды.

Аталған іс бойынша сот сараптамасын тағайындады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.