Жамбыл облысында 1 қаңтардан бастап 100 мың адамның айлығы өсті

0 0

Жамбыл облысында 100 мыңнан астам азаматтың айлығы 1,5 есеге өсті. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелердегі жұмысшылардың жалақысы 35 пайызға көтерілді. Ал, атаулы әлеуметтік жәрдемақылар 2 есеге дейін ұлғаймақ. Бұл өңір тұрғындарының әлеуметтік әл-ауқатының артуына сеп болмақ. Бұл туралы «ZhambylNews» AA ұлттық арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Алты баланың анасы Зухра Сақұлова жаңа жылдан бастап атаулы әлеуметтік көмек алады.  Көпбалалы отбасының бұрынғыға қарағанда кірісі көбеймек. Оның үстіне, осы айдан бастап отағасының да айлығы еселенді.

Зухра Сақұлова, көпбалалы ана:

— Бұрын 18 жасқа дейінгі жәрдемақыны әр балаға екі мың теңгеден алып отыратынмын. Күйеуімді шақырып, Жұмыспен қамту орталығына барып, №42 мектепке орыс тілі пәні мұғалімі болып тұрақты жұмысқа орналасты. Жұмысқа орналасқалы бері жағдайымыз да жақсы. Жаңа жылдан кейін айлық табысы да көтерілді деп жатыр. Оған да қуанып жатырмыз.

Өңірдегі бюджеттік мекемелерде еңбек ететін 40 мыңдай  жұмысшының жалақысы орташа есеппен 35 пайызға көтерілді. Ал, ең төменгі айлық Жолдауда жүктелген межеге сәйкес 42 500 теңгеге өсті.

Серғали Айдапкелов, Еңбек инспекциясы басқармасының басшысы:

— 23 кәсіпорын жұмыскерлерінің айлық көрсеткішін көтеріп отыр. Нәтижесінде бүгінгі күні облыс көлемінде жеке 1609 кәсіпорында 20900 жұмыскерге 42,500 жалақы төлейтінін растап отыр. 28 мыңнан 42,500-ге көтерелді.

Жалпы, Жамбыл облысында 345 мың жұмысшы бар. Оның ішінде 100 мыңнан астам азаматтың  айлығы жаңа жылдан бастап еселенді. Бұл аймақтағы жұмысшылардың 34 пайызын құрайды.

Жаңа жылдан бастап еліміз бойынша 2 миллион жұмысшының айлық жалақысы көтерілген. Ол Қазақстан аумағында еңбек ететін азаматтардың үштен біріне тең. Ал, ең төмен жалақы алатын азаматтардың санын нақтылау жұмыстары әлі де жалғасуда. Өңір-өңірде құрылған штабтар кәсіпорындар мен бизнес орындарында жалақаның көтерілуін бақылауға алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.