Биылғы жылы елімізде «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауының екінші маусымы басталды және бұл іс-шараны өткізуді Тараз қаласынан бастау жоспарланып отыр. Байқадың өткізу күні ағымдағы жылдың 28 наурызына жарияланды. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында блогер, «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауының жетекшісі Сәуле Кайсар, Тараз қаласының Іскер әйелдер кеңесінің жетекшісі Айгүл Сағымбекқызы, конкурстың қатысушысы, «Golden Caravan Travel Company» компаниясының басшысы Альбина Веймердің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Спикерлер атап көрсеткендей, аталмыш байқау әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға, елдің табысты дамуында әйелдердің ерекше рөлін арттыруға, белсенді өмірлік ұстанымды алға жетелеуге, әйелдердің бизнестегі рөлін тануға, кәсіпкер мен көшбасшы ретінде әйелдің мүмкіндіктерін ашуға, қатысушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік береді.
Іс-шараға облыстың 15 кәсіпкер-әйелі қатыса алады. Жеңімпаз Астана қаласында, республикалық байқауының финалында Жамбыл облысының атағын қорғайды. Бұл байқау өткен жылы еліміздің көптеген өңірлерінде сәтті өтті және бізді осы облыстардың басшылығы толығымен қолдаған болатын. Финалға дейін біздің тәлімгерлер командасы оларды еліміздің жетекші жаттықтырушыларынан, блогерлерден және имидж-стилисттерінен мастер-класс ұйымдастырып, жарысқа дайындайды (сөз сөйлеу, психология, юриспруденция, мәнер мен сыртқы көріністі трансформациялау, бұқаралық ақпарат құралдарында сұхбат жазу).
Айта кетейік, «Business Lady Qazaqstan» республикалық байқауы «Рухани Жаңғырту» бағдарламасы аясында қазақ халқының ұлттық салт-дәстүріне, тарихына және мәдениетіне қызығушылықты арттыруға бағытталған.