Асқар Мырзахметов Жуалы ауданының бизнес өкілдерімен кездесті

0 14

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Жуалы ауданының орталығындағы «Нұр-Ай Плаза» бизнес орталығының жұмыстарымен танысып, жай-күйіне қанықты. Өңір басшысы аталмыш орталықтың мәжіліс залында ауданның бір топ бизнес өкілдерімен кездесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жуалылық кәсіпкерлер өз кезегінде жұмыстарын жандандыру барысында туындап отырған түйінді мәселелерді алдыға тартты. Асқар Исабекұлы өңір экономикасын көтеру үшін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту керектігін, ол үшін тиісті барлық жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалатынын жеткізді. Кездесіп отырған кедергілерді шешу үшін жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Айта кетейік, бүгінде Жуалы ауданы бойынша 4392 шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген. Қазіргі таңда оның 91,4 пайызы яғни 4016-сы жұмыс істеп тұр. Барлық тіркелген кәсіпкерлік субъектісінің 0,6 пайызы орта, 3,4 пайызы шағын кәсіпорындар. Ал, 46 пайызы жеке кәсіпкерліктің үлесінде десек, қалған 50 пайызын шаруа қожалықтары құрайды. Жалпы ағымдағы жылдың алғашқы тоқсанында аудан бюджетіне жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарынан 40 миллион 9 мың теңге салықтық түсім түскен. Сондай-ақ, ауданда жыл басынан бері жалпы құны 9 миллиард 120 миллион теңге болатын 7 кәсіпкерлік нысан іске қосылып, 132 жаңа жұмыс орны ашылыпты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.