Тараздағы жоғары оқу орнында жаңа дәрісхана ашылды

0 20

Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасының ұйытқы болуымен ұлағатты ұстаз Сағымкүл Күлекеева атындағы дәрісхананың ашылуына арналған семинар өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Дәрісхана ашудағы басты мақсат — студенттерді өз мамандықтарын сүюге, кәсіби және жеке өмірлік жетістіктерге жетуге, руқани құзіреттілігін дамытуға баулу.

Сағымкүл Жұмағалиқызы 1959 жылы Жамбыл облысы, Лугавой ауданы, Қызылту ауылында дүниеге келген. 1976 жылы Жамбыл педагогикалық иниститутының физика- математика факультетіне түсіп, 1980 жылы физика пәнінің мұғалімі мамандығын алып шығады. Өзінің саналы ғұмырында еліміздің солтүстік, оңтүстік өңірлерінде жас ұрпаққа білім беру ошақтарында өз ізін салып кеткен педагог.

Ержан Әмірбекұлы,  ТарМПУ ректоры:

— Өмірде әртүрлі жағдайлар болады. Атағы шыққан, даңқы шыққан абыройлы азаматтар бар. Солармен қатар, өмірде қалтарыста қалып қойған, өзінің саналы ғұмырын отбасының игілігі үшін, ер азаматтың абыройы үшін әйел азаматтарымыз бар. Соның бірі Сағымкүл Жұмағалиқызы болды. Сондықтан да біз осындай азаматтарымызды жастарға үлгі тұтып, кішкентай болса да сол кісінің өмірінен өнеге алса, сол кісінің жүріп өткен жолынан кішкене түсінік алса деген оймен аудиторияны ашып отырмыз.

Жаңа форматта жасақталған кабинет, алдағы уақытта педагогтарға жұмыс жасау үшін  қолайлы орын болмақ. Семинар барысында Сағымкүл Күлекеева туралы «Бақытты әйел әлемі» фильімі көрсетілді. Сондай-ақ, педагог бойынан табылатын қайталанбас қасиеттері жайында лебіздер айтылды.

Осы уақытқа дейін бұл оқу орнында 10 атаулы кабинет ашылған. Сағымкүл Жұмағалиқызының есімі берілген бұл дірісхана да, болашақ педагогтарға білім мен тәрбие, рухани азық беруге пайдасы зор болмақ.

Дереккөз: Jambyl tv

Leave A Reply

Your email address will not be published.