Өңірде «WorldSkills Zhambyl-2019» облыстық чемпионаты өтеді

0 0

Ағымдағы жылдың 25-27 сәуір аралығында Мектеп олимпиадаларын және мектептен тыс іс-шараларды өткізілетін облыстық орталықта «WorldSkills Zhambyl-2019» облыстық чемпионаты өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Аталған іс-шара Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен Техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр.

Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстағы 20 колледжден 77 студент қатысады.

Чемпионат барысында колледж студенттері инновациялық және шығармашылық жобалар көрмесін ұйымдастырады. Облыстық чемпионат электромонтаж, веб-дизайн, мобильді робототехника, графикалық-дизайн, аспаздық ісі, наубайшы шеберлігі сынды 13 құзіреттілік бойынша өткізіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.