Жамбыл облысында жол апатына ұшыраған автобус жүргізушісі қамауға алынды. Тәртіп сақшылары 44 жастағы азаматты ұстап, Қордай аудандық уақытша ұстау изоляторына жапты. Бұл туралы «ZhambylNews» AA 24.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық полиция департаменті «ол оқиға тіркелген күннен бастап, Қылмыстық Кодекске сәйкес күдікті болып саналды» деген ақпарат таратып отыр. Қазір мамандар жіті тергеп тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысу дерегі бойынша да қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды.
Естеріңізге сала кетейік, дәл осы жол көлік оқиғасы кезінде 30 жастағы әйел адам мерт болған еді. Ізінше 48 жолаушысы бар автобус аударылып, салдарынан тағы 10 адам қаза тапты.
Жарасхан Ақбердиев, облыстық пд тергеу басқармасы басшысының орынбасары:
— Қордай ауданының сотымен екі ай мерзімге күдікті қамаққа алынды. Яғни, автобус көлігінің жүргізушісі бөгетті көре тұра ол жылдамдықты бәсеңдетіп тоқтауға міндетті тұғын. Не болмаса жылдамдықты төмендетіп бөгетті айналып өту керек тұғын. Бұл жерде көліктің тізгініне ие болалмай. Нәтижесінде автобус жолдың шетіне шығып аударылып кеткен болатын.