Мойынқұм ауданының спорт кешенінде медицина қызметкерлері күніне арналған денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің облыстық XXIV спартакиадасының аймақтық ойындары өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Осы мақсатта Елбасы жолдауында көрсетілген спорттың бұқаралығын арттыру міндетін іске асыруда, біздің облысымыз бен ауданымызда біраз игілікті іс-шаралар өтіп жатқаны баршаға аян. Адамзаттың қазіргі тыныс-тіршілігін дене шынықтыру мен спортсыз көзге елестету қиын. Бүгінде бұқаралық спорт, адам баласының денсаулығы үшін ең бір қажетті салаға айналып отыр.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Есеев Бақытжан Жапарұлы ашып, барша ақ халатты абзал жандарды айтулы мерекелерімен құттықтаса, аудандық аурухананың басышысы Жайдар Әйтішев өзінің жылы лебізін білдіріп, аймақтық ойындардың сәтті өтуін тіледі.
Жарысқа Қордай, Меркі,Т. Рысқұлов, Шу және Мойынқұм аудандары қатысты. Жарыста эстафета ойындары, ұлттық ойындар қол күрес, ләңгі, тоғыз құмалақ, волейбол, футбол сынды ойындары ойналып, жеңісті өзара бөлісіп жатты.