Жастар ресурстық орталығында Жамбыл ауданы мәслихат депутаттары мен мен мәслихат хатшысы Рүстем Әлішұлы аудан жастарымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Кездесудің мақсаты, аға буын өкілдерімен жас ұрпақ ортасында ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру, жастарды отансүйгіштік, рухани тәлім мен тәрбие алу.
Жастармен кездесу еркін форматта өтті. Әркім көкейінде жүрген сауалдарын қойып, өздері тұщымды жауаптар алды.
Жиын барысында Жастар ресурстық орталығының директоры Маханбет Рахимжановта өз кезегінде сөз сөйлеп, жастармен жеткен жетістіктерін атап өтті.