«PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында кезекті сүйемелдеу келісім шартына қол қойылды

0 3

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаменті еліміздің кәсіпкерлері мен инвесторларын қолдау, жемқорлықтан қорғау шараларының бірі «PROTECTING BUSINESS AND INVESTMENTS» жобасы аясында «Alima DELUXE» ЖШС-мен кезекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу келісім шартқа отырды ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

«Alima DELUXE» ЖШС өз кәсібін машина құрылысы және робототехника саласында, Жамбыл облысы аумағында жүзеге асыратын болады.

Атап айтсақ, қазіргі таңда Департамент жергілікті және шетелдік инвесторлармен және кәсіпкерлермен, жалпы соммасы 350 млрд.теңгеден астам 26 келісімге отырды.

Кәсіпкерлік пен инвестицияларды қорғау Департаменттің басым бағыттарының бірі болып табылады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.