Саудакентте сауда қызуда

0 4

Жаңатас қаласында өткен автокеруен Сарысу ауданының Саудакент ауылдық огругінде жалғасын тапты    ,  — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.


Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесіне Саудакенттіктер ағылып келіп жатты.
Ауылдықтардың Сарысу ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімінің ұйымдастыруымен өткен азық-түліктің бағалары көңілдерінен шықты.

Әлеуметтік автокеруеннің жәрмеңкесінде тауарлар бағасы картоп-80 теңге, пияз 45, бірінші сұрыпты ұн 50 келінің қабы 6000 тг жоғарғы сұрыпты ұн, сәбіз-55 теңге , пияз 50 теңге келісі, күріш 25 келісі 6000,сұйық май 5 литрі 1650, қанттың 25 келісі 4750 теңгеден сатылымға шығарылды.

Жақын маңдағы ауылдардан келіп, сауда көрігін қыздыра түсті.
Ұйымдастырушыларға деген алғыстарын жеткізген ауылдықтар осындай жәрмеңкелер жиі ұйымдастырылып тұрса деген ұсыныстарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.