Ақпараттық топ Қарақыстақ ауылының тұрғындарымен кездесті

0 5

Облыс аумағында ұлтаралық татулық пен бірлік, тұтастық, әлеуметтік мәселелер туралы халықпен ой-пікір алмасу үшін құрылған ақпараттық топ мүшелері Қарақыстақ ауылдық округі тұрғындарымен кездесуден өткізді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.

Кездесуге Жалпақсаз, Тасшолақ, Қазақ, Каменка ауылының тұрғындары мен жастар, бюджеттік мекеме қызметкерлері, ҮЕҰ мүшелері мен өзге этнос өкілдері, мәслихат депутаты, ауылдық ардагерлер ұйымы, Аналар кеңесі, Келісім кеңесінің мүшелері қатысты.
Кездесуде облыстық ардагерлер кеңесі мүшесі, Жамбыл облысы мен Тұрар Рысқұлов,Шу аудандарының Құрметті азаматы Қасымхан Төлендиев ұлтаралық қатынастар, қоғамдағы саяси ахуал, жастар мен балалар тәрбиесі, ұлттық құндылықтар туралы, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау, заң үстемдігін қамтамасыз ету туралы құнды пікірімен бөлісті. Ауыл ардагерлері Ш.Сейдімбеков, Ж.Айматов бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар, дін мәселесі, ананың рөлі туралы жақсы пікірлер айтса, аудандық мәслихат депутаты З.Оразалиева ауыл жұртшылығының қоғамдық-мәдени, көпшілік шараларға белсене қатысуын, мекеме, ұйым басшыларының өзі осы істе белсенділік танытып, тәрбиеге зор мән беру қажеттігін алға тартты. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамытуда ұлттық қолөнер бұйымдарын жасаушы шеберлердің өнерін үйрену, өнімдерін қолдану мәселелері туралы тың ұсыныстар айтты.
Жиында елді мекен жұртшылығы көгілдір отын тарту мәселесін көтерді.
10-ға жуық түрлі ұлт өкілі мекен еткен үлкен аймақтың проблемасын шешуде билік өкілдері мен халық арасында тығыз байланыс болу қажеттігі туралы ой түйіндеген халық барлық істе бірге болу, ынтымақты еңбек етіп, жастар тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуді ескеру -басты мақсат екендігін ұғынды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.