Санитарлық талаптардың сақталуы бақылауда

0 6

Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Е.Б.Калыбаевтың бастауымен мобильді топ мүшелері бірлесіп, Құлан және Луговой ауылдарына рейд жүргізді. Тексеру жұмыстарының басты мақсаты – сауда орындарындағы карантиндік режим тәртібінің, санитарлық талаптардың сақталуы, барлық талапқа сай қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Елде төтенше жағдай режимі аяқталғанына қарамастан, облысымызда карантин шаралары өз күшін жойған жоқ, бұл талап ауданға да қатысты.Осыған байланысты бірқатар сауда нысандарына өз жұмысын бастауға рұқсат берілген болатын. Рейд барысында аталмыш нысандарда карантиндік режим және санитарлық -гигиеналық талаптардың сақталуы тексерілсе, ауыл тұрғындарына, тұтынушыларға бетперде киіп, антисептик қолдану керектігі ескертілді. Бірнеше сауда орнында олқылықтарды жою бойынша ұсыныстар берілді.
Ол бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Б.Калыбаев қатаң шара қолданып, ескертулер бойынша тез арада ретке келтіру қажеттігін ескертті,сала басшыларына бақылауды тапсырды. Сондай-ақ, санитарлық талаптарға құлақ аспайтын сауда орындары жабылуы мүмкіндігі түсіндірілді. Бұл карантиндік режим талабы екені саудагерлер мен жеке кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп,ұсыныстар айтылды. Рейд барысында көшедегі базар айналасындағы заңсыз сауда орындары жайы да қаралып, ондағыларға ескертулер айтылып, заңға бағынбаған жағдайда құзырлы органдар тарапынан айыппұл салынатыны ескертілді. Мобильді топ мүшелері тұрғындарды санитарлық талаптарға немқұрайлықпен қарамауға шақырып, сақтық шараларына басты назар аударуды ескертті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.