Коронавирус инфекциясының белгілері байқалғанда өз бетіңізбен антибиотиктер қабылдамаңыз — маман кеңесі

0 7

Коронавирус инфекциясының белгілері байқалғанда өз бетіңізбен антибиотиктер қабылдамаңыз. Бұл туралы 5 қалалық емхананың жалпы тәжірбиелі аймақтық дәрігері Роза Хахарова айтты, — деп жазады «ZhambylNews» ақпараттық агенттігі.

Коронавирус инфекциясы басқада жедел репираторлық аурулар секілді алдын-ала пайда болады. Ең алдымен дене қызуының көтерілуі, әлсіздік, шаршағыштық, іштің өтуі, дәм және иіс сезбеу коронавирус инфекциясының негізгі белгілері болып саналады.

Бұл жағдайда егде жастағы кісілер, жүкті әйелдер, 5 жастан төмен балалар сонымен қатар, созылмалы ауруы бар науқастар байқап жүруі қажет. Яғни, қант диабеті, жүрек және ми қан айналымы бұзылыстары бар, бүйрек жетіспеушілігі және бауыры ауратын адамдардың ыстығы көтеріліп, иіс, дәм сезбеу байқалса бірден өзінің тіркелген участкелік бөлімшелерінен қашықтықтан нұсқау алуға болады.

Сонымен қатар, дәрігер аурудың алғашқы белгілерінде антибиотиктер ішпеуге кеңес берді.

— Егер аурудың алғашқы белгілері байқалса, ауруханаларға барып кезекте тұрмаңыз. Сол жерде кезекте тұрып бірнеше адамға жұқтырасыз. Сондай-ақ өз бетіңізбен антибиотиктер, бактерияға қарсы дәрі-дәрімек пен екпелер қабылдамаңыз. Өйткені, бұл бактериялды инфекция емес вирусты инфекция болғандықтан, вирусқа қарсы препараттарды қабылдауларыңыз керек, — дейді Роза Хахарова.

Дәрігер вирустық инфекция кезінде көп жылы мөлшерде сұйықтық ішуге және витаминдер қабылдауға кеңес берді.

— С витаминдері, аскорбин қышқылын күніне 1 таблеткадан 2-3 рет ішіңіздер. Қосымша ауруларыңыз болмаса, дәрігердің нұсқауы бойынша аспирин, кардиомагнил сияқты дәрілерді қабылдасаңыздар болады, — деп ескертті.

— Аурудың жеңіл түрінде ешқандай антибактериалды цефтриаксон, азитромицин препараттарын пайдаланудың қажеті жоқ. Сол себепті аурудың алдын алу мақсатында күнделікті қан қысымы мен дене қызуын жазып жүріңіз. Ал, аурудың екінші кезеңінде науқастарда жөтел, кеуде қуысында ауру сезімі, түнгі уақытта ұйқысының нашарлауы, тершеңдік, әлсіздік, тәбеттің төмендеуі байқалады. Бұндай жағдайда дәрігермен хабарласыңыз. Таңертең, кешкісін өздері хабарласып сіздің жағдайыңызды бақылауға алады. Үшінші кезеңінде көбінесе әлсіреп, кеуде қуысында ауырсынумен қатар ентігудың пайда болуы, іш өтіп, жүрек айну, іш құрылыстарындағы жайсыздыққа қатысты шағымдар пайда бола бастайды. Егер осындай белгілер байқалса, клиникалық жағдайлары тексеріліп, оттегі сатурациясы 91% -дан төмен болса міндетті түрде карантиндік стационарларға арнайы ем қабылдауға жөнелтіледі, — дейді Роза Хахарова.

Коронавирустан емделу сатысында 5-6 күндері жүрек айну басылып, науқастар өзін жақсы сезіне бастайды. Міндетті түрде тыныс алу гимнастикаларын жасап, көп қозғалыста болу керек. Витаминдерге, ақуызға бай тамақтарды ішу керек.

Қазіргі кезде індетке шалдығып жатқандар көп болғандықтан 1,5 метр арақашықтықты сақтаған дұрыс. Адам көп жиналатын орындарда – сауда үйлері, мейрамханаларға барғанда маска тағып жүру қажет. Адам көшеден келгеннен кейін қолды сабынмен 20 секунд бойы мұқият жуған дұрыс. Егер сіз көшеде жүргенде қандай да бір заттарды қолмен ұстаған болсаңыз – қолды антисептикпен дезинфекциялаңыз. Таза емес қолмен бетті, көзді, мұрынды ұстамаңыз. Инфекцияны ішке енгізіп жіберуіңіз мүмкін. Жөтелген, түшкірген кезде бір реттік майлықты қолданған дұрыс немесе шынтақтың иілген жерін пайдаланыңыз. Көбінесе сода, тұз сумен аузыңызды жиі шайыңыз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.