Әлеуметтік сала басты назарда

0 4

Бүгін «Nur Otan» партиясының Қордай аудандық сайлауалды штабы мүшелері аудандық мәдениет үйінде әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Кездесуде штаб жетекшісі Дамира Сүгірбай «Nur Otan» партиясының осы заманғы сын-қатерге жауап беретін, қазақстандықтардың артқан сеніміне лайық және нақты істер атқарып жатқан партия екенін атап өтіп, алдағы сайлауға немқұрайлық танытпай, белсенді қатысуға шақырды.

Ал, штаб төрағасының орынбасары Руслан Нұрсипатов қатысушыларға партияның «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Қордай ауданында 2015-2019 жылдардағы атқарылған жұмыстарғақысқаша тоқталды. Мәселен, 5 жылда ауданның жалпы өңірлік өнімі 2015 жылғы 77,4 млрд. теңгеден 2019 жылы 122,3  млрд. теңгеге дейін немесе номиналды түрде 1,6 есеге өскен. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ 2015 жылғы 554,9 мың теңгеден 2019 жылы  843,2  мың теңгеге дейін 1,5 есеге ұлғайған. Табысты экономикалық реформаларды жүргізу осы жылдары халықты әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін құруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде халықтың әл-ауқатының өсуі мен жұмыссыздар және кедей халық санының тұрақты төмендеуі байқалды. Халықтың номиналды ақшалай табысы 2019 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 1,7 есеге, орташа айлық еңбекақы –1,6 есеге өскен.

Білім саласында 2 млрд 566,5 млн теңгеге 5 жоба, оның ішінде 4 мектеп, 1 балабақша құрылысы жүргізілген. Нәтижесінде, соңғы 5 жылда 4 апатты мектеп және балабақшалардағы орын тапшылығы мәселелері шешімін тапқан.Денсаулық сақтау саласында 418,8 млн. теңгеге 12 емдеу орталықтары (5 медициналық пункттер, 5 дәрігерлік амбулаториялар, 2 фельдшерлік акушерлік пункттер ғимарат құрылысы) салынған.

Әлеуметтік салаларды дамыту бойынша игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Ол шаралар партияның алдағы 5 жылға арналған Қордай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасына енген.      

 “Nur Otan” партиясының Қордай аудандық сайлау қорының қаражатынан төленді

Leave A Reply

Your email address will not be published.